"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:

      2025 жылғы 1 қыркүйек – 2026 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:

      1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:

      1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);

      2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);

      3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда);

      1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпанды қоса алғанда):

      4-тоқсан – 8 оқу аптасы.